Сайт және оның материалдары тек ТОО «Q-Vision»-мен келісімшарт жасасқан білім беру мекемелеріне арналған. Үшінші тұлғаларға сілтемені жібері тыйым салынған және ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
+7 (700) 124-24-24 • Info@qvision.kz
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу
Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу
Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау
Ақпаратты бағалау және талдау негізінде салмақты шешімдер қабылдау
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ
Өзінің халқына деген сүйіспеншілігін білдіру және ұлттық мәдениетті құрметтеу
Мемлекеттің дамуындағы ел бірлігінің маңызын бағалау және мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну
Ұлттық және мәдени бірегейлікті сезіну
Халық пен мемлекеттің тарихи жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту және мәдени мұрасын, дәстүрлерін әрі қарай ілгерілету
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу
Отандық және әлемдік мәдениетті тану құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық таныту
Өз Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің Егемендігі мен қадір-қасиетін тарихи аргументтерге сүйеніп қорғай білу
ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, ғылым мен техниканың жетістіктері туралы білу
Ғылымның қоғам өміріндегі маңыздылығын дәлелдеу
Себеп-салдарлық және құрылымдық-функционалдық талдау элементтерін қолдана білу, неғұрлым күрделі нақты байланыстар мен олардың тәуелділіктерін зерттеу
Сыни тұрғыдан ойлау, сенімді ғылыми ақпаратты анықтау және ғылымға қарсы түсініктерді сыни көзқарастың болуы
Фактілерді байқау, жинақтау және жүйелеу, білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені түсіну, зерттеу дағдыларының болуы
ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК
Мемлекеттің, қоғамның дамуы үшін еңбекті, өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалай білу
Қазіргі қоғамдағы еңбектің әлеуметтік-экономикалық және саяси маңыздылығын түсіну
Жасына байланысты қол жетімді әлеуметтік-еңбек рөлдерінде әлеуметтік маңызы бар еңбекке жасампаз, шығармашылық қабілетінің болуы
Отбасында, мектепте, туған өлкеде әлеуметтік маңызы бар еңбек қызметіне қатысуға дайын болу
Еңбек қызметінің ерекшелігін түсіну, еңбек қатынастарын реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі даярлау
Жеке өмірлік жоспарларды, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен кәсіби қызметті саналы түрде таңдауға дайын болу
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Заң мен құқықтық актілерді дұрыс түсіндіре алуы және түсіне білу •
Құқықтық білімді нақты өмірде, нақты практикалық жағдайларды шешуде өз бетінше қолдана білу •
Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін құқықтық нормалар мен ережелерге сәйкес әрекет ете алу •
Жағдаяттарды заңдылық пен этика тұрғысынан бағалау және негізделген шешімдерді қабылдау
БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ
Басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өз мінезқұлқыңызды сыни тұрғыдан бағалау және түзету
Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу
Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей білу
Басқа адамдардың даралығын ескере білу және өзгенің идеялары мен пікірлерін дұрыс қабылдау
Қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, қақтығыстық жағдаяттарды шешуде сындарлы шешуге ұмтылу